Ауылдың атауын "Тоғайлы" деп өзгертсек

(0 Votes)

Сафон ауылдық округінің әкімі Роза Қамзаева тұрғындар алдындағы есеп беру хабарламасында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

- Ауылдық округ бойынша 20 шаруа қожалығы бар. Олар мал өсіру, оның азығын дайындаумен айналысады. "Каспий таңы" ӨК өткен жылы маусымдық науқан кезінде 100 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, "Амангелді", "Аксу Қиғаш", "Тлекші", "Каспий балық" кооперативтерінде 58 тұрғын еңбек етеді. Құқық қорғау саласы бойынша өткен жылы барлығы 13 құқықбұзушылық құжаттамасы толтырылды. Сонымен қатар, округ бойынша 2 қылмыс тіркеліп, бүгінде тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бейбітшілік және Жеңіс көшелеріне жарық шамдары қондырылды, биылғы жылы да бұл жұмыс жалғасын табады. Өр суы бөгеттері күрделі жөндеуден өтті. Иесіз ұзақ мерзім пайдаланылмай тұрған үйлер бұзылып, орны техникамен тегістетілді. Ауылға екі қызметтік үй салынып, құрылысы аяқталды, - деді.

img_8245

Баяндама жан-жақтылығымен тұрғындар ризашылығын туғызды. Жарыссөзге алғашқы болып шыққан Асылбек Мусин ауыл әкімінің, учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына риза екендігін жеткізіп, еңбектеріне табыс тіледі. Зейнеткер Сақыпжамал Сұлтанқызы жаяу жүргінші жолы, жарықтандыру, тегін дәрімен, жедел жәрдем көлігімен қамту түйткілдерін қозғады. Бұл сұрақтарға аудандық емхананың сарапшы дәрігері Сағидолла Кулов тұшымды жауабын қайтарды. Спорт нұсқаушы Еркебұлан Өтебайұлы ауылда 420-дан астам жастар бар екенін, олардың көбі салауатты өмір салтын ұстанатынын алға тартып, спорт кешені немесе жазғы ойын алаңы салынса деген тілегін жеткізді.

img_8248

Ауыл тұрғындары Зұлпыхар Мұратов, Сатыбалды Ғимранов арналарды қазу, Сафон ауылдық округінің атауын "Тоғайлы" деп өзгерту мәселесіне қандай шешім алынғандарын сұраса,СерікжанСапаров қоқыс алаңын ретке келтіру, ошағанды шабу сынды бірқатар түйткілдерді көтерді. Алтын Қасимова әркім өз малын қорасында ұстауды, өріске шығарса бақташы жалдауды ауылдастарынан өтініш етті. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманғали Сейтеков мектеп жанындағы жолға бейнекамера орнатудың маңыздылығын жеткізсе, "Каспий таңы" ӨК төрағасы Бақытжан Темиров күні кеше "Павлодар өзен порты" мекемесінен келген мамандардың өзектерді қазу жобаларымен танысып, түп тереңдету жұмыстары жүргізілетін аумақтарды оларға көрсеткенін айтты. Сонымен қатар,жедел жәрдем көлігін жаңалай берудісұрап, жазғы су құбырын тарту мәселесі туралы өзінің ұсынысын ортаға салды.

img_8253

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521