Ауданда азық түлік бағасы тұрақты

(0 Votes)

Бағаны тұрақтандыру бағытында «Құрманғазы» сервистік дайындау орталығы арқылы сиыр, жылқы, түйе еті арзан бағада сатылды.

Жергілікті табиғат пайдаланушылар жаңа ауланған балық өнімдерін ұсынуда. Оның ішінде "Каспий балық" ӨК -2 реттен, "Тілекші", "Ш.Сүлейменов", "Амангелді" бір-бірден жәрмеңке ұйымдастырды. Бұл алдағы уақытта жалғасын табады. Сондай-ақ, «Бұйырғын» цехы құс етін қолжетімді бағада тұрғындарға ұсынуда. Дүкендерде азық-түлік қоры жеткілікті. Алаңдайтын еш негіз жоқ. Саудагерлер қажетті тауарларын Атырау қаласынан және Ресей Федерациясы Астрахань облысынан тасымалдауда.

img_9208

img_1062

«Біз біргеміз» акциясына үн қосқан жастар, кәсіпкерлер жағдайы төмен отбасыларға тегін тамақ үлестіруді қамтамасыз етуде. Бетперделер де ерікті тігіншілер арқылы тегін таратылуда, - дей келе, аудан басшысы тұрғындарды төтенше жағдай кезіндегі ережелер мен талаптарды қатаң сақтап, той-садақаға барудан бас тартып, санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға шақырды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521