Аудан тарихына қатысты тың деректерді ұсына аласыздар!

(0 Votes)

Құрметті аудан тұрғындары!

ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, аудан әкімшілігінің қолдауымен, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты Құрманғазы аудандық бөлімшесі жанынан құрылған"Өренді өлкетанушылар" клубы мүшелерінің сараптамалық талдауымен өлкеміздің рухани құндылықтарын жаңғырту, тарихи ескерткіштерін, біртуар перзенттерінің есімдерін жаңғырту, жер атауларын келер ұрпаққа мирас етіп қалдыру мақсатында Құрманғазы ауданының тарихын қамтитын "Киелі мекен, қасиетті өлке - Құрманғазы" атты энцилопедиялық кітапты жарыққа шығару қолға алынды.

Кітаптың негізгі мазмұны:

1. Киелі жерлер: нақты деректер, аңыз, археология, барлау жұмысының қорытындысы.

2.Қасиетті адамдар: нақты деректер, архив, ауыз әдебиеті.

3. Мазарлар, қорымдар, петроглифтер фотосуреттерімен.

4. ХІХ-ХХ ғасырлардағы аудан аймағындағы құрылымдар, елге еңбегі сіңген азаматтар. Басқару жүйесіндегі болған адамдардың тізімдері.

5. Энциклопедиялық кітапты шығарушылар.

Құрманғазылықтар!

Соның ішінде тарихшылар, өлке тарихына қатысты қалам тербеп жүрген азаматтар, көз көрген қариялар осы кітаптың шығуына орай өлкеміздің тарихына қатысты тың деректер мен мәліметтеріңіз, алып-қосар ойларыңыз болса аудан әкімшілігіне хабарласуларыңыз сұралады! Өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухты бірге қалыптастыруға ат салысайық!

Байланыс тел:87022166251

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521