Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау нәтижелері туралы

(0 Votes)

Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен жыл басынан бері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша 759 бақылау шаралары жүргізілді, нәтижесінде 65 мыңнан астам бұзушылықтар анықталды.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығындағы брифингте Агенттік Төрағасы Анар Жаилғанова әңгімеледі.

Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заң бұзушылықтар төмендегенін (өткен жылмен салыстырғанда 34,5 мың бұзушылыққа) атап өту қажет. Бұл Агенттіктің жүйелі түсіндіру жұмыстарының және бұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептермен жағдайларды жою жөніндегі енгізілген нақты нұсқаулардың нәтижесінде мүмкін болды.

Анықталған бұзушылықтардың едәуір бөлігін - 36,3 мың фактісі немесе 56%-ы қызмет алушылардан артық құжаттарды талап ету фактілері құрайды. Агенттікпен кешенді талдау жүргізіліп, стандарттар, регламенттер және салалық ережелер арасында 180-нен астам сәйкессіздіктерді анықталды.

Осы ретте, Агенттіктің стандарттарды, регламенттер мен салалық ережелерді мемлекеттік қызмет көрсетуді реттейтін бір құжатқа біріктіру туралы ұсынысы ағымдағы жылдың 7 қарашасында Сенатта екінші оқылымда қабылданған заңнама жобасына енгізілді.

Нәтижесінде біз 60% бір-бірін қайталайтын мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілердің қайталануын жойылды. Агенттікке жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша азаматтардан 1 278 өтініш келіп түсті.

Жеке және заңды тұлғалардың шағымдары негізінде 329 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Жалпы қаралған өтініштердің 286 немесе 33% өтініште көрсетілген фактілер дәлелін тапты. Агенттік қызмет алушылардың 88% жағдайында құқықтарын қалпына келтірді.

Келіп түскен расталған шағымдардың жалпы санының 44%-ы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің әрекеттеріне келеді.

Өтініштердің басым көпшілігі мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қызмет берушінің заңсыз іс-әрекетеріне (22%), қызмет көрсетуден негізсіз бас тартуға (15%) қатысты жер қатынастары (21%), әлеуметтік (11%) және тұрғын үй коммуналдық (7%) салаларын бойынша түсетіндігі анықталды.

Жалпы, ұсынылған ұсыныстардың нәтижелері бойынша 641 тұлға әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды (әкімдіктер – 479, орталық мемлекеттік органдар – 162), олардың 27% немесе 170 қызмет берушілердің басшылығына тиесілі.

Рұқсат мерзімдерін, беру тәртібін бұзғаны,сондай-ақ оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін 140 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 401 хаттама толтырылды, мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 8,8 млн теңге өндірілді.

Қазіргі уақытта Агенттік бұзушылықтарды «постфактум» мониторингінен азаматтардың проблемаларын барынша жедел шешуге көшті. Азаматтар «Digital agent» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға және нақты уақыт режимінде Агенттікті қосымшасы арқылы хабардар етуге мүмкіндік алды.

«Digital agent» қосымшасы арқылы ХҚКО-ның, Арнайы ХҚКО-ның, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы министрліктерінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға болады Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктерін, Ақтөбе, Қарағанды облыстары, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерін қосымшаға толыққанды қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

МҚІА баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521