banerkzbig

Атырау облысында спорт күні аталып өтті

(0 Votes)

Атырауда спорт күніне арналған мерекелік шара өтті ,- деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға қатысқан өңір басшысы Нұрлан Ноғаев спортшыларға сәттілік және әлемдік ареналарда жаңа жеңістер тіледі.

- Президенттің тапсырмасы бойынша елімізде спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Біздің өңірімізде осы саланы қолдау мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. Қала мен аудандарда жаңа спорт кешендері салынып жатыр, күрделі жөндеу жүргізілуде. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 32%спортпен белсенді айналысады. Біз сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтамыз және олардың неғұрлым көп болғанын тілейміз,-деді өңір басшысы.​ ​

bad16c4f-5737-4e80-8250-053255cf0c19​ ​ ​ ​

Салтанатты шара барысында спорт ардагерлері, бапкерлер және бірқатар спортшылар алғыс хаттармен марапатталды. Таэквандодан ҚР еңбегі сіңген шебері, Пекиндегі жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман Чилманов құрметті қонақ ретінде қатысты.

715ae674-85a1-4bea-8d72-a6cc436cd9bd

Айта кетейік, бірінші жартыжылдықта облыста 750-ге жуық спорттық шаралар өтті. 2018 жылы Атырау облысының спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда 1200 медаль жеңіп алса, 2019 жылдың басынан бері атыраулықтар түрлі деңгейдегі жарыстарда 800 медальге ие болды.

7497e5d4-f4d4-424b-bcc9-a2b73e9ffd7e

Мерекелік шара концертпен аяқталды. ​ ​ ​

​ ​ ​ Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig