Абай мұрасы – халық ұлағаты

(0 Votes)

Ұлтымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай аудандық Жастар ресурстық орталығы мен орталық кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында әдеби кеш өтті.

Кеш тізгінін алған Гүлайна Жалғасбайқызы ақын өмірінен тың деректер шолып, шығармашылығына лайықталып жасалған бейнероликті назарымызға ұсынды. Әдіскер Меңсұлу Меңдіханқызы «Абай биігі – ұлт биігі» атты кітап көрмесінтаныстырды. Онда Абайдың әртүрлі баспа орталығынан жарық көрген қалың томдары, аудармалары,ғұлама туралы айтылған өзге де жазушылардың естелік-кітаптары топтастырылған.

img_8703

Есті адамға үлгі-насихатқа толы ақын өлеңдерін Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мен Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінің студенттері мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар данышпан тұлғаның сазгерлік қасиеті де дәріптеліп, әні мен сөзіне жазылған «Желсіз түнде жарық ай» туындысы көрермендердің жанды дауысында орындалды. Библиограф Сандуғаш Қайырова ойшылдың қара сөздерінің мән-мағынасының тереңдігіне, рухани байлығына ерекше тоқталды. Тақырып аясында танымдық сұрақтар қойылып, кеш қатысушыларының білім деңгейі де сараланды.

img_8711

Қорытынды сөз алған кітапхана басшысы Бақыт Ғабдолова: «Абай әлемі – ұлы қазына. Оның тереңіне бойлай алмасақ та, шексіз насихатын көкейге тоқу мақсатында көп ізденіп, еңбектенуіміз қажет. Сарқылмас мұраның отаны кітапханамызда жиі басымыз қосылғанын қалаймын»,-деп, әдеби кештің халық мақтанышының мерейлі жасын ұлығылаудың бастамасы екенін де еске салды.

img_8754

Ұйымдастырушы тараптан ақын өлеңдерін оқып белсенділік танытқан жандарға, «Жыл оқырманы» атанған аудан тұрғыны Нұрлан Жеткеншекұлына естелік-сыйлықтар берілді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521