13 жыл бойы нысаналы мақсатта пайдаланбай отырған 77 га жер қайтарылады

(0 Votes)

Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, оның төрағасы Жұмақай Ғұмаров, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырды.

Алдымен «Ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы» аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың есебі тыңдалды. Кең көлемді баяндаманың толық мәтіні газетіміздің өткен санында оқырмандар назарына ұсынылды. Аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов есеп беруінде өкілетті органның жыл ішінде жасаған қызметін, тұрақты комиссиялар, азаматтардың өтініштері, депутаттықсауалдар бойынша жүзеге асқан істерін, халық қалаулыларының белсенділігін атап өтті.

img_8473

-2019 жылы аудандық мәслихаттың 4 жоспарлы, 10 кезектен тыс сессиясы өткізілді. Оның құзіретіне жататын мәселелерге байланысты 110 нормативтік құқықтық акті қабылданып, 19-ы облыстық Әділет департаментіне жолданып, мемлекеттік тіркеуден өтті.

Тұрақты комиссиялардың біріккен мәжілісінде қаралған мәселелер комиссия талқылауымен сессияда қаралып, тиісті шешімдер алынды. Былтыр мәслихат депутаттарының атына 9 өтініш түсіп, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес уақытында жауаптары берілді.

№10 Шортанбай сайлау округінің депутаты Б.Абдоловтан Шора және Қиғаш өзендерін тереңдету жұмыстарына байланысты сауал түскен болатын. Бұл бағытта тиісті шаралар атқарылуда.

№13 Азғыр сайлау округінің депутаты М.Қуаншалиев «КТЖ» Ұлттық АҚ-ның Ақтөбе орман көшеттерін қорғау дистанциясының меншігіндегі 13 жыл бойы нысаналы мақсатта пайдаланбай отырған 77 га жерді қайтарып алуға ықпал жасау туралы аудан әкіміне депутаттық сауал жолдады. Ол бойынша Атырау облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына тиісті хат жолданып, көтерілген мәселеге орай заң бұзушылықтар анықталып, ҚР Жер кодексінің 92-94 баптарына сәйкес оларды жою туралы 1 жылға нұсқама ұсынылғаны қаперленді.

№9 Дыңғызыл сайлау округінің депутаты Х.Қабыловтың мектепке музыкалық құрылғыларын сатып алып беру жөніндегі депутаттық сауалы бойынша аудан бюджеті нақтыланған кезде қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылатыны туралы аудан әкімінен жауап хаты келді.

img_8477

Аудандық мәслихаттың «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының құрамында 13 депутат мүше болып табылады. Фракция мүшелері бекітілген кестеге сәйкес ай сайын қоғамдық қабылдау жасап, азаматтардың ұсыныс-тілектері бойынша нақты шаралар алуға жұмыстанып келеді.

Өкілді орган жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Серпер» газетіне 11 мақала жарияланды. 2019 жылы ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына байланысты республикалық, облыстық және аудандық деңгейде шаралар өткізіліп, депутаттар белсенді түрде қатысты. Өкілді органның құрылу тарихы мен өткен жолдарынан мұражайда бұрыш ашылды. Мерейтойға арналған салтанатты шарада мәслихаттың барлық шақырылымдарының депутаттары мен ардагерлері мерекелік медальдармен ұлығыланды, - деді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521