Жайық пен Қиғаш өзендерін тереңдету жалғасады

(0 Votes)

Атырау облысында Жайық пен Қиғаш өзендерін тереңдету жұмыстары жалғастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, Жайық пен Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету 2017 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы мақсатқа 7,1 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Тереңдетілетін аумақтың жалпы ұзындығы – 214 км.

«Жайық өзенін, Құрманғазы, Жарқосын, Яицкий каналдарын тереңдету жұмыстарын жүргізудің мақсаты – балық қорын сақтау, балықтың табиғи өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасау» - деді аймақ басшысы.

Қазірге дейін 91,1 км аумақ тереңдетілген. Жұмыстар биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл мақсатқа 2,4 млрд теңге қарастырылған.

Авторы Жолдасбек Көшербайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521