Атырауда жанармай бекетін тонаған екеу ұсталды

(0 Votes)

Бұл оқиға Атырау қаласында түнгі сағат 3-тің шамасында болған.

Бетіне медициналық бетперде киген белгісіз екеу Лесхоз шағын ауданында орналасқан жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған.

Операторды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытқандар кассадан 200 мың теңгені алып, қашып кеткен. Алайда, түн жамылған тонаушылар алысқа ұзай алмай, полицейлер қолына түсті.

«Күдіктілер Лесхоз және Көкарна шағын аудандарында тұратын жастар болып шықты. Бірінің жасы 23-те, екіншісі –18-де. Ұсталғандардан ұрланған ақша алынды. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр» деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз – қызметі.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521