Атырауда мүмкіндігі шектеулі азамат жүргізуші куәлігін алды

(0 Votes)

Атырауда мүмкіндігі шектеулі адам жүргізуші куәлігін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ атыраулық бөлімнің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлының айтуынша, бірінші топтағы мүгедек Кеңес Қониев қолмен басқарылатын автокөлікпен көлік жүргізу емтиханын сәтті тапсырды.

Бұған дейін ол теориялық емтихан тапсырған.

«Кеңес өте белсенді адам. Ол 2006 жылы жарақат алды, бірақ спортпен тұрақты түрде айналысады. Ол паралимпиадашылар арасында үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстан чемпионы», - деп атап өтті Нұрлыбек Бақтығалиұлы.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтихан тапсыруға қажетті құрылғылар әзірге республиканың екі қаласында орнатылды, Атырау мен Қарағандыда.

А.Соколов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521