Тәжірибе алмасу – кәсіби дамудың негізі

Білім-Ғылым

Абай атындағы жалпы орта мектептің базасында облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының жоспарына сай аудандық білім бөлімі «Тиімді кері байланыс орнату: жаңартылған білім мазмұнын сапалы меңгерту кепілі» атты облыстық форум өткізді.

Шараның «Тәжірибе алмасу - кәсіби дамудың негізі» бөлімінде Ақкөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Нажимова, Энгельс және Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Э.Абулқасымова, М.Мирасова ашық сабақтар мен жас мұғалімдер мектебінің сабағын өткізді.

«Бірлескен шығармашылық іс-әрекет – кәсіби шыңдалу кепілі» бөлімінде З.Серікқалиұлы атындағы мектеп-интернаты, Нұржау жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Т.Бақтыгереева, Г.Бакешова және Крупская атындағы жалпы орта мектеп директоры Ш.Исатаева кері байланыс орнатудың тиімді жолдары мен маңызы, көшбасшылықты дамытудағы рөлі бойынша шеберлік сынып, коучинг, тренинг жүргізді.

Абай атындағы жалпы орта мектеп директорының міндетін атқарушы М.Жандыбаева және мектептің ұстаздары рефлексия, дөңгелек үстел, таңдау курсын, кіріктірілген сабақ және LS қорытынды сабағын ұйымдастырды. Форумды облыстық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы А.Құсайынова қорытындылап, оның жұмысына белсене қатысқан аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Н.Хасанова, бөлім әдіскерлері А.Арыстанова, Ж.Шайхиев және педагог қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.

А.НӘЖІМОВ.