Отыз баланы қамтыды

Білім-Ғылым

Орлы ауылдық округінде республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шарасын өткізу дәстүрге айналып келеді.

Міне, биыл да жылдағы үрдіспен жалғасын табуда. Қайырымдылық акциясына округтегі шаруа қожалық басшылары Назым Абдолова, Ержан Ниғыметов,Төребай Ғилманов және жеке кәсіпкерлер Мұрат Мәмбетов, Есқабыл Дарғожин, Марат Жанғалиев, Ризабек Құбашев сынды ақжүрек азаматтар демеушілік жасады. Өздерінің аттарын жария қылмауды сұрап, ауылдың бір топ жастары балаларға киім-кешекпен және оқу құралдарымен көмектесті. Ата-аналары осындай қол ұшын созғандарға алғыстарын айтуда. Жалпы округ бойынша айтулы акция өз деңгейінде өткізіліп, 30 бала жаңа оқу құралымен және киім-кешектермен қамтылды.

Е.Қуанышқалиева,

Орлы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы