«Балаға мейірім сыйла»

Білім-Ғылым

Елбасының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы қарқынды өткізілуде.

Мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету. Осы тұрғыда бірқатар білім ошақтарында өткізіліп жатқан игі шаралар көз қуантады. Оған ата-аналар мен жүрегінде қайырымдылық оты бар кәсіпкерлер көмек қолын созудан аянып қалмауда.

Панфилов атындағы жалпы орта мектепте тамыз бен қыркүйек айлары аралығында "Балаға мейірім сыйла" атауымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жоғары деңгейде өткізілді. Оған негізінен ауыл азаматтары, шаруа қожалық иелері Б.Дәрелов, Б.Хамзин, Б.Жұбаниязов, Ғ.Мусағалиева анамыз және мектеп мұғалімдері Р.Хамзин, Е.Мерханов, Б.Барседенова, А.Саламатқызы, А.Ғайнеденова қаржылай демеушіліктерін көрсетті. Негізі, қазір халықтың әл-ауқаты біршама түзелді, десек те, әлеуметтік жағынан аз қамтылған мұқтаж отбасылар да жоқ емес. Мұндай акциялар жағдайы төмен оқушылар үшін үлкен көмек, олардың білім алуына деген ынтасын арттыратыны сөзсіз.

Құралай Иманғалиқызы,

әлеуметтік педагог