Хан ордалы Сарайшық

Тарих

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің бір топ оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Заря Ажғалиеваның жетекшілігімен Сарайшыққа саяхат жасап, облыстық семинарға қатысып қайтты.

Бізді қарсы алған Сарайшық музей қорының қызметкерлері Алтын Орда тұсындағы дүниенің ең сұлу, ғажайып қаланың құпияларымен таныстырды. Сарайшықты сақтау бағытында соңғы кездері қолға алынған игі істермен хабардар етті. Хандар пантеонын, мұражай кешенін аралап, көздің жауын алар тарихи жәдігерлерді көріп тәнті болдық. Ондағы әулие теректің тарихын жетекшіміз Заря Хайроллақызы әсерлі әңгімелеп берді. Мұражай жанындағы мешітке де бас сұғып, бабалар рухына зиярат еттік.

Сарайшық сапарынан тарихи танымымызды кеңейтіп, рухани байып оралдық. Осындай мүмкіндік туғызған мектеп әкімшілігіне ризашылығымыз шексіз.

Арсен Теміржанов,

Әуезов атындағы жалпы орта мектептің оқушысы