Тарих

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің бір топ оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Заря Ажғалиеваның жетекшілігімен Сарайшыққа саяхат жасап, облыстық семинарға қатысып қайтты.

Аудандық музейде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани құндылықтар – ел мұрасы» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Нұржау ауылдық округінің мәдениет үйінде Қазақстанның Халық емшісі, Құрманғазы ауданының құрметті азаматы Дәметкен Серікбайқызының 80 жасқа толуына орай «Киелі мекендегі ел анасы» атты шара өтті.

Аудандық музейде «Рухани мәдениетті дамытудағы аналардың рөлі» тақырыбында аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Мақсаты – ұлттық мәдени құндылықтардың біріктіруші әлеуетін жұртшылыққа жеткізу, оны рухани игеруге бағыттау.

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан атпал азамат, еңбек және тыл ардагері, марқұм Муафих Шәріпұлының 100 жасқа толуына орай «Өнегемен өрілген өмір» атты еске алу шарасы ұйымдастырылды.

Ещё статьи...