Панкратионнан облыстық турнир

Спорт

Аудандық спорт кешенінде биылғы жастар жылына орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет панкратионнан облыстық турнир өтті.

Ашылу салтанатында алдымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін жүргізуші Берік Әнесов нағыз ерлердің айқасы, аралас жекпе-жектің төрешілерін таныстырды. Турнирдің бас төрешісі панкратионнан 2 дүркін Әлем кубогінің иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жерлесіміз Нұртілек Қонашев,жоғары дәрежедегі төрешілер Бекболат Нұрберген, Асылжан Тасбаев, Рафхат Тоқтар қошеметпен ортаға шақырылды.

Кешеннің ішінде спортсүйер көрерменнің көптігінен ине шаншар орын болмады. Әсіресе, жастар өз жанкүйерлеріне зор ықыластық танытып, бұл жекпе—жек өнер түріне қызығушылықтарының жоғары екенін байқатты.Алғашқы құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары, спорт жанашыры Өркен Тәжібаев турнирдің мақсатына тоқталып, нағыз мықтыларды анықтаған додада жігіттер өздерінің шеберліктерімен сәтті өнер көрсететіндеріне сенім білдірді. ҚР Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелов, спорт және журналистика саласының ардагері Мадат Сәрсекеев шараны ұйымдастырушыларға зор ризашылықтарын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

А.Шакупова.