Отбасылық ойында

Спорт

Ю.Гагарин атындағы орта мектепте «Асыл адам, ғажап адам, әке деген ұлық адам» тақырыбында әкелер мектебінің төрағасы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қайыржан Бимурзаевтың ұйымдастыруымен мағыналы интеллектуалдық-спорттық шара өткізілді.

Шараны мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы ашып, еліміздің болашағы жас ұрпақтың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге, соның ішінде әкеге байланысты екенін атап өтті.

Жанұялық жарысқа Мадхат Зұлхожжин, Абат Төкеев, Ербол Сатханов, Ерлан Өтегенов, Ерболат Башаев, Аман Бимурзаевтар отбасылары қатысты. Асық ату, арқан тарту, эстафеталық кедергілерден өту сындарынан және хоккей, гольф ойындарынан сайыста Зұлжожжиндер бірінші, Төкеевтер екінші, Сатхановтар үшінші орындарды жеңіп алды. Жарысқа қатысқандар мен жүлдегерлерге мектеп әкімшілігі тарапынан арнайы медалдармен, дипломдармен марапатталды.

Ш.Анесова,

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.