«ISKER» оқушылар лигасы

Спорт

Атырау облыстық баскетбол федерациясы, аудандық дене шынықтыру, спорт және білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен 2004-2006 ж.т. қыздар және 2003-2004, 2005-2006 ж.т. ұлдар арасында баскетболдан «ISKER»оқушылар лигасы өтті.

Оған Бегәлиев, Әуезов, Ломоносов, Манаев, Абай, Алтынсарин, Еңбекші, Имашев, Гоголь жалпы орта мектептерінен барлығы 150-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс қорытындысымен:

Баскетболдан 2004 – 2006 ж.т.қыздар арасында:

І орын – Имашев жалпы орта мектебінің командасы,

ІІ орын – Бегалиев жалпы орта мектебінің командасы,

ІІІ орын – Абай жалпы орта мектебінің командасы жеңіп алды.

Баскетболдан 2003 – 2004 ж.т.ұлдар арасында:

І орын – Манаев жалпы орта мектебінің командасы,

ІІ орын – Бегалиев жалпы орта мектебінің командасы,

ІІІ орын – Абай жалпы орта мектебінің командасы жеңіп алды.

Баскетболдан 2005– 2006 ж.т.ұлдар арасында:

І орын – Абай жалпы орта мектебінің командасы,

ІІ орын – Манаев жалпы орта мектебінің командасы,

ІІІ орын – Бегалиев жалпы орта мектебінің командасы жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Атырау облыстық баскетбол федерациясы және бөлім атынан кубок, диплом, медаль, сыйлықтармен марапатталып, спортшыларға «Үздік ойыншы», «Үздік техникасы үшін», «Үздік орталық ойыншы» аталымдары да берілді.

А.Шакупова.