Аялан – ашық турнир жеңімпазы

Спорт

Атырау қаласында КСРО спорт шебері Қамбар Андашевті еске алуға арналған дәстүрлі жасөспірімдер арасында бокстан ашық республикалық турнир өтті.

Турнирге Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар облыстарынан және Өзбекстан республикасынан жас былғары қолғап шеберлері қатысты.

Жарыс қорытындысында Ломоносов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аялан Құмарғалиев 66 келі салмақ дәрежесінде І орынды жеңіп алды. Кейінгі кездері көптеген жарыстан жүлделі оралып жүрген балғын боксшыны аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің бокстан жаттықтырушысы Есбол Байдошев дайындап алып барды.

Айбек Нәжімов