Ерсейіт ерледі

Спорт

Атырау қаласында функционалды өрт көпсайысы (кроссфит) бойынша облыстық чемпионат өтті.

Сайыс бағдарламасында кір тасын және зілтемір көтеру, кросспен қатар, ауыр жүк көлігінің дөңгелегін аунатып белгіленген жерге жеткізу сияқты экстремалды спорт түрі болды. Сондай-ақ, өрт сөндіру түтіктерін жалғау және бір жүйеге келтіруден кәсіби шеберліктерін байқасты. Көпсайыс қорытындысымен жеке сында Құрманғазы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ерсейіт Бралин екінші орынды жеңіп алды. Командалық есепте құрманғазылықтар үшінші орынға көтерілді.

А.ӘНУАР