Таэквондо турнирінде

Спорт

Құрманғазы ауданының 90 жылдығына орай дене шынықтыру және спорт кешенінде өткен жасөспірімдер арасында таэквондодан ашық облыстық турнирде Құрманғазы, Жылыой аудандарының, Атырау қаласының №1 және №4 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бақ сынасты.

Ашылу салтанатында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Мұқашев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Екі күнге созылған турнирде жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген үш топта жеңімпаздарды анықтады. Аудан намысын қорғаған балғын таэквондошылардан Дәулет Ғимыранов, Илья Макпузов, Нұрасыл Ғарифулла, Ерхан Болатбай, Ақжол Тәжібаев жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді. Бірнеше спортшымыз жүлдегерлер сапынан көрінді. Сондай-ақ, жақсы өнер көрсеткен Илья Макпузов турнирдің «Үздік техникасы үшін» аталымымен марапатталды.

А.МЕЙІРМАНОВ