Үстел теннисінен қалалық ашық турнир өтті

Спорт

5 - 7 қазан аралығында Шымкент қаласында 2004-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында үстел теннисінен қалалық ашық турнир өтті.

Бұл турнирге Атырау, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Арыс, Бәйдібек, Жетісай, Сайран қалаларынан барлығы 150-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысында Құрманғазы ауданы атынан бақтарын сынаған: Бисен Мелисса (Әуезов атындағы орта мектептің оқушысы) - ІІІ орын , Русланұлы Махмуд (Абай атындағы орта мектептің оқушысы) - ІІІ орын, Шамұратов Нұрдан (Абай атындағы орта мектептің оқушысы) ІІІ орынды иеленді. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Маратова Назерке мен Ерталиев Нұралы (Абай орта мектебінің оқушылары) марапатталды.

Қ.Бисекенов.