Ұстаздар шықты сайысқа

Спорт
Аудандық дене шынықтыру кешенінде ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай мұғалімдер спартакиадасы болып өтті.
Жабылу салтанатында аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Нәйля Хасанова жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, жарыс жолына шығып, жарыс көрігін қыздырған әріптестеріне ризашылығын білдірді. Жас жеткіншектерді спортқа баулуда үздік істерімен танылып жүрген бір топ дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне аудандық білім бөлімі атынан алғыс хаттар тапсырды. Шараның екінші бөлімінде балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубының директоры Нұрболат Өтегенов, спортшы мұғалімдер Нұржан Қаби, Ерболат Дүйсенов, Марат Ниғыметов, Төремұрат Сисенғалиевтер спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Шахмат(ерлер) 1. Есей Хұсайынов (Бегәлиев о/м) 2. Марат Жанханов (Қиғаш о/м) 3. Сәкен Ихсанов (Гоголь о/м). Шахмат(әйелдер) 1. Тілекші Мулдашева (Энгельс о/м) 2. З.Сайфекенова (З.Серікқалиұлы м/и) 3. Бахыт Зайтоллаева (Бегәлиев о/м). Үстел теннисі (ерлер) 1. Жігер Ерболатұлы (Бегәлиев о/м) 2. Тілекқабыл Шамашев (Абай о/м) 3. Асылан Құспанов (Ақкөл о/м). Үстел теннисі (әйелдер) 1. Динара Әмірова (Әуезов о/м) 2. Айдана Шамишева (Крупская о/м) 3. Ғалия Ғабдоллаева (Бегәлиев о/м). Тоғызқұмалақ (ерлер) 1. Мейрамбек Дүйсенов (Әуезов о/м) 2. Бекжан Қабиев (Бегәлиев о/м) 3. Еркін Қазиев (Шортанбай о/м). Тоғызқұмалақ (әйелдер) 1. Әлия Жәменова (Ақкөл о/м) 2. Қанағат Жұмағалиева (Әуезов о/м) 3. Гүлхан Талапбекова (Нұржау о/м). Футбол 1. Ломоносов атындағы орта мектеп 2. Әуезов атындағы орта мектеп 3. Бегәлиев атындағы орта мектеп. Волейбол 1. Манаев атындағы орта мектеп 2. Ақкөл атындағы орта мектеп 3. Гоголь атындағы орта мектеп. Баскетбол 1. Бегәлиев атындағы орта мектеп 2. Манаев атындағы орта мектеп 3. Ломоносов атындағы орта мектеп. Жалпыкомандалық есеп 1. Бегәлиеев атындағы орта мектеп 2. Әуезов атындағы орта мектеп 3. Ломоносов атындағы орта мектеп. А.НӘЖІМОВ