Қанжығамыз жүлдеге толды

Спорт

Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің спорттың 10 түрінен ІІ жазғы ойындары ұйымдастырылды.

Сайысқа барлық облыстың құрамалары қатысты. Нәтижесінде спортшыларымыз таэквондодан 55 кг салмақ дәрежесінде Б.Нұрбаев І –орын , В.Рудыкин (73кг), Д.Қайырғалиева (44кг), Н.Темірбекқызы (49кг) – ІІІ –орын иеленді. Р.Әбдіғалиев пен Ә.Билхан V – орынға табан тіреді. Осы аталған жеңімпаздар Құрманғазы, Теңіз, Бірлік, Мақаш ауылдарының жас спортшылары. Жалпы командалық есепте Атырау облысы VIII – орын алды.

Тілекші Мертайқызы