Ернат – әлемнің қола жүлдегері

Спорт

Беларусь Республикасының Бобруйск қаласында өткен панкратионнан(Atlima) кадеттер арасындағы әлем біріншілігінде 55 келі салмақ дәрежесінде Нұрлыбекұлы Ернат қола медальді жеңіп алды.

Әлемнің 30 елінің жас қырандары қатысқан дүбірлі додада Ернат тартысты әрі қызғылықты үш жекпе-жек өткізді. Ақтық сынға жолдама берілер сәтте украиналық қарсыласына есе жіберіп алды.

– Ернат та біздің ауылдың баласы, кіші Крестінің тумасы. Көптен бері менің қол астымда жаттығады, болашағынан зор үміт күтетін шәкіртім. Әлем біріншілігіне мықты дайындықпен барды, алтынды да алатын мүмкіндігі болып еді. Алайда, жарыс өткізу бойынша кейбір өзгерістер енгізілгендігін турнир барысында бір-ақ білгендіктен, күрес тактикамызды жаңа ережеге сай келтіріп үлгере алмадық. Алдағы уақытта ,мұны ескеретін боламыз, алар биігі әлі көп болады, – дейді Ернаттың жеке бапкері, панкратионнан ересектер арасында әлемнің екі дүркін жүлдегері атанған Нұртілек Қонашев.

А.Нәжімов