Атырауға жеңіл салмақта UFС чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің бапкері келді

(0 Votes)

Еркін күрестен КСРО спорт шебері, Ресей Федерациясының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов Атырау облысының жасөспірімдерімен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еркін форматтағы кездесу «Жастар жылына» орай «Жастар спорт fest» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесуде атыраулық жас спортшылар Абдулманап Нурмагомедовке сұрақтар қойып, бапкердің тәжірбиесінен тәртіп қағидасына негізделген ақпараттармен танысты.

00de775b-2988-4997-bf62-ebff7e7b0af9

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Хабиб Нурмагомедовтің жетістік жолы туралы білді.

- Атырау қаласына алғаш келуім емес. Осымен екінші рет келіп отырмын. Қазақстанның атынан шығып жүрген әлемдік деңгейдегі спортшылар жетерлік. Сондықтан жас буынға айтарым, салауатты өмір салтын ұстаныңыздар, - деді Абдулманап Нурмагомедов.

b0457a47-0b56-44ff-a8c1-9763a4d757cc

Сонымен қатар, кездесуде Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов алда өткізілетін «Жастар спорт fest» шарасының маңыздылығына тоқталды.

dbc739f9-9e91-4eda-8225-02fb4a72da77

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бұқаралық спортты кең көлемде дамыту керегін жиі айтады. Өйткені, аталған спортта біздің чемпиондардың көп болуы – еліміздің жетістігі. Ал, қазіргі таңда спортшылар арасында жастар белсенділік танытып келе жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Елбасымыз ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Елбасымыздың осы жолдауы аясында біз жастар жылын атап өтіп, 4 күнге созылатын шара өткізбекшіміз. Осы шараға арнайы қонақ ретінде келген Абдулманап Нурмагомедовке сіздердің және өзімнің атымнан алғысымды білдіремін, - дейді Ринат Ибрагимов.

4645e9f3-b18d-4a0a-8fa3-3ca1d3ad9edc

Айта кетейік, 27 қыркүйек «Жайық» спорт кешенінде «Gorilla Fighting Champioship 17» халықаралық турнирі өтеді. Турнирге арнайы қонақ ретінде Хабиб Нурмагомедов, Ислам Махачев, Зубайра Тухугов және Дамир Исмагулов сынды атақты спортшылар келеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521