Кез келген адам кедергіге ұшырамауы тиіс

(0 Votes)

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен мемлекетті қалыптастыруда ауқымды істер атқарылды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үздіксіз дамуда. Еліміздің жылдан-жылға қарқынды дамуына байланысты заңдарға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар да күшеюде.

Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» заңдарын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін жан-жақты және жетік білуге, оны құрметтеуге тиіс.

Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында және 2025 жылға дейінгі мемлекеттік даму Стратегиясында мемлекеттік қызметтің дамуының жаңа бағыттары белгіленген.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкердің оң беделін қалыптастыру- мемлекеттік жүйені дамытудың басты бағыттарының бірі.

Мемлекеттік қызметші кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болғаны абзал. Әлемдегі барлық мемлекеттердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Мемлекеттік қызметшілер тек қызметкер ғана емес, халық арасында беделді және үлгі тұтатын тұлғаларға айналуы тиіс.

Аудан әкімінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 118 «Заңды тұлғаларды қайта құру туралы» қаулысына сәйкес «Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылды. Аудан әкімінің қаулысымен бөлімнің ережесі бекітіліп, 2015 жылы 26 мамырда заңды тұлға ретінде Құрманғазы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтті.

Бөлімде 3 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады.

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауданда жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуы бойынша жұмыстар атқарады.

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және бюджет қаражатының орынды жұмсалуы мұқият қадағаланып отыр.

Мекеменің мемлекеттік сатып алу жоспары Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес жасақталып, Заң талаптары сақталып, барлық келісім шарттар мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жасақталып келеді.

Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының талаптары сақталуда.

Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілер бойынша бұйрықтар мерзімінде «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне автоматты режиміне енгізіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің іс-шара жоспары жасақталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес жұмыстар басталып кетті. Бұл бөлім қызметкерлері арасында талқыланып, оның талаптары түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің «Әдеп кодексі» көрнекі жерге орнатылып, таныстырылды. Мемлекеттік қызметтің оң имиджіне ұсынылатын негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгіленген. Онда: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды»,– делінген.

Мемлекеттік қызметкердің беделі – мемлекет беделінің бір бөлігі. Жалпы биліктегі мемлекеттік органдардың барлық басшыларының жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым адамдарға деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады.

Мемлекеттік қызметшінің басты қағидасы – халыққа қызмет ету. Халықтың игілігіне жұмыс істеп, елге қолайлы жағдай туғызуы керек. Мемлекеттік органға шағымданған, жүгінген кез-келген адам, мемлекет көрсетуге тиісті қызметтің барлығын еш кедергісіз, дер кезінде және са-палы түрде алуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшінің беделі міндеттік және мәртебелік маңызға ие. Әр мемлекеттік қызметшінің басты міндеті-сапалы жұмыс жасау, өз білімі мен біліктілігін жұмыста пайдалана отырып мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Қайсар МАХСОТОВ

кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521