Ұстаз мәртебесі көтерілмек

Саясат

Елбасы маңызды құжаттың «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші басымдығында жоғары білім беруге қатысты, педагог мәртебесі жайында бірқатар маңызды міндеттерді атап өтті.

Атап айтқанда, 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады. Бұл – қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға зор қадам болмақ. Саналы ұрпақ, білімді азамат, мемлекетшіл тұлға қалыптастыру педагогтардың еншісінде екені белгілі. Сондықтан, мұғалімнің құқықтарын белгілеу, мемлекет тұрғысынан қолдау талантты жастардың осы салаға бет бұруына, еліміздің әлемдегі ең озық мемлекеттердің қатарына кіру мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашатынына сеніміміз мол.

Елбасы орта білім беруді адам дамуындағы негізгі буын ретінде атап өтті. «Мектептерді реформалауды қою керек» дегені негізді. Барлық мемлекеттік жалпы білім беру орындарын Назарбаев зияткерлік мектептерінің стандартына теңестіру міндетін нақтылап берді.

Мемлекет басшысының барша қазақстандықтарға сенім арта отырып, жеткізген бұл Жолдауы осындай жасампаздығымен ерекшеленеді. Бұдан шығатын түйін, еліміздің әрбір азаматы өзінің бар күш-жігерін мемлекет экономикасын қалыптастыруға, еліміздің еңселі де қуатты болуына жұмсауы керек. С.Имашев атындағы жалпы орта мектеп ұжымы мен білім алушылары Елбасы Жолдауына қолдау білдіріп, анықталған басымдықтарға сай нәтижелі жұмыс жасауға әзір. Ұлт болашағын тәрбиелеп жүрген ұстаздар қауымының мәртебесі одан әрі биіктей берсін демекпіз.

Ұлан Иманғалиев,

С.Имашев атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі