Балық аулағаннан емес, ұрлағаннан азаяды

Сараптама

Құрманғазы ауданын Аллаһ Тағала судан кенде қылмаған. Еділдің өзі осы араға келгендесуым жетпеген жер қалмасыншы”  дегендейтармақталып кетеді.

 

Оның үлкен саласы Қиғаш та осы арнаның істегенін қайталайды. Сол себепті тамырша тарамдалған өзендер жаз шығысымен жерімізді жап-жасыл түске малындырады. Құбыламызда толқынымен ақ көбік шашып кәрі Каспий дөңбекшиді. Мұнда мұз бетіне  итбалық шығып демалса, тереңінде бекіре мен ақбалық жүзеді. Өзендерімізде де балықтың бірнеше түрі бар.

 

қажеттіліктің бірі

мелиоративтік жұмыс

Егемендіктің алғашқы жылдарында балық есепсіз ауланып, тонналап Ресейге тасылды. Жаңа құрылып жатқан жас мемлекетіміздің оған қарауға шамасы келмеді. Шыны керек, осы су маржаны сол бір қиын-қыстау кезде елді асырады. Бұрынғы ұжымшар, кеңшарлар тарап жұмыссыз қалған халықтың балық аулаудан басқа күн көрісі де жоқ еді. Біреулері оны аулап әкеліп сатса, екіншілері олардан алып іргелес елге апарды. Қармақ құруға барғанда тал түсте өзенді аумен сүзіп жүргендерді де көрдік. Мұның соңы балық қорының азайып кетуіне соқтырғаннан кейін мемлекетіміздің тарапынан шұғыл шаралар қолданылды. Бүгінде балық шаруашылығы өңірімізде қалай дамып отыр? Шешілмеген қандай мәселелері бар? Осы жөнінде сөз қозғасақ дейміз.

1991-2016 жылдар аралығында ауданымыз бойынша 200145 тонна лимит бөлініп барлығы 166316 тонна балық ауланған. Сараптама қорытындысына сүйенсек, соңғы жылдары балық аулау 1991 жылмен салыстырғанда 48,4%, 2000 жылмен салыстырғанда 31,8%, 2010 жылмен салыстырғанда 61,7% -ға азайғанМұның бір себебі маңызды каналдар мен теңіз тамағының тереңдетіліп қазылмауында. Сондықтан су көлемі жылдан-жылға азаюда. Тұрғындарды ауыз сумен қамтып отырған Қиғаш, Шарон өзендерінің гидрологиялық жағдайы өте нашар, су ағысы қалыпты жағдайдан төмен. Соңғы 25 жылда мелиоративтік жұмыстардың жасалмауы аталған арналардың кей жерлерінің тайыздап, балық жүретін жолдарды шөп басуына соқтырған. Бұл жағдайдан қалай шығуға болады? Мамандардың пікірінше Шарон өзенінің теңіз тамағы, Кнаша, Коневский, Жаркөсе, Ганюшкин каналдары, Қиғаш өзені қазылса мәселе оң шешімін таппақ.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметтерін сөйлетсек, 2017 жылыҚиғаш өзенінің суын молайту және гидрологиялық режимін жақсартужобасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткен. Жоба бойынша Ганюшкин каналынан 100,169, Жаркөседен 26,7, барлығы 126,869 шақырым су айдыны түбін тереңдетіп қазу көзделген. Аталған жұмыстарды жүргізу үшінПавлодар өзен портыАҚ мердігер компания болып тағайындалған. Қазір аталған мекемемен келісімшарт дайындалу үстінде. Техникалық қадағалау құжаттарын әзірлеу, сараптаманы алу, тағы да басқа жұмыстар жасалуда. Оған жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге қаржы бөлінген. Жалпы Қиғаш өзенінің түбін тереңдетіп қазу жобасының құны 56813445000 теңгеге шығатыны анықталған. Бүгінде бұл қаржыны республикалық бюджеттен сұрау жұмыстары жүргізілуде.

Ауданымыз  бойынша  2017 жылғы лимит 4538,2 тонна болса, 3851 тонна балық ауланып, ол  85 пайызға  орындалған (2016 жылы 78%). Табиғат пайдаланушыларданКаспий-Балықөндірістік кооперативі менАмангелді”, “ТілекшіЖШС-і өздеріне бөлінген лимитті 100% -ға игерген. 3001 тоннадан аса балық өңделіп, экспортқа шығарылған. Балық аулайтын шаруашылық нысандары табиғатты пайдаланғандары үшін биоресурсқа 63792141 теңге төлеген.

 

Браконьерлікпен

ұсталып та жатыр

Желтоқсан айының 28-і күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық жиналысына барлық құқық қорғау және қадағалау органдары мен құзырлы мемлекеттік құрылымдардың басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелердің біріБекіре-2017” табиғат қорғау акциясын қорытындылау. Селекторлық жиналыс барысында аймақ басшысы браконьерлікпен күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жаңа басшысы Данияр Баймағамбетовтің, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Қадимовтың, су полициясының басшысы Серікжан Жанұзақовтың есептерін тыңдады.

Хабарламашылардың айтқанынан белгілі болғаны Қиғаш өзенінде балық аулау көлемі 4 есе төмендеп, 2800 тоннаны құраған. Себебі балықшылардың көбі теңізде жүр. Алайда оларды теңіз дауылына тұрақты құралдармен қолдау қажет. Қазіргі құралдарымен жағадан 5 шақырымнан артық  қашықтыққа ұзай алмайды. Браконьерлікпен күресті күшейту үшін су көлік қозғалысы ережесі бекітіліп, 40-тан 200-ге дейін ат күші барКазанка”, “Амур”, “Прогрессқайықтарын қолдануға тыйым салынып, 20 ат күші барларына ғана рұқсат етілген. Сөз арасында ауданымызда заңсыз балық аулаумен айналысқанАқсу-ҚиғашЖШС-нің 46 қызметкері сотталғаны, серіктестіктен 18 аспалы мотор, 101 тонна қара балық тәркіленгені, мемлекетке 29,9 млн. теңге зиян келтіргендіктен 1 жылға балық аулау құқығынан айырылғаны  айтылды.

Облысымыз бойыншаБекіре-2017” табиғат қорғау акциясы кезінде 826 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 21 іс бойынша сот шешімі шыққан. Балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 13 млн теңге әкімшілік айыппұл салындыЗаңсыз айналымнан 260 жүзу құралы мен автомотокөлік шығарылған. Су полициясы арқылы 83708 келі балық тәркіленген. Биыл браконерлікке қатысты 15 қылмыстық іс ашылған, 307 қылмыс жергілікті полиция қызметі арқылы анықталып, 2 адамға 77146 теңге айыппұл салынып, біреуінің үстінен іс қозғалған. Күні бүгінге дейін 10900 тоннадан астам балық ауланып, бөлінген лимит 87 пайызға орындалған. Сондай-ақ, хабарламашылар тарапынан балық аулаумен айналысатын кооперативтердің лимитті артық көрсететіні де сөз болды.

Нұрлан Ноғаев барлық деңгейдегі мемлекеттік орган қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті. Жиналыста тұрғындардың заңсыз балық аулаумен айналысуларына себеп жоқтығы да айтылды. Аймақтарда  әртүрлі саладан лайықты жұмыс табуға қажет жағдайдың бәрі жасалуда.

 

Ауланғаннан

бастап бақылансын

Селекторлық жиналыста  бұл туралы Нұрлан Асқарұлы: - Расында да заңсыз балық аулаудан басқа күнкөріс көзі жоқ па? Кейбір жастар жұмыссыз жүрсе де 70-80, 100 мың теңгені менсінбейді. Мұнайдың айналасынан жалақысы мол қызмет  сұрайды. “Балық сатып күн көріп жүрміз”, - деген бос сөз. Оны заңсыз аулауға ешкімге жол берілмейді. Біз оны аулауға тыйым салмаймыз, бірақ бәрі де заңды болсын. Әркім өзіне берілген аумақтан шықпауы тиіс. Жайық пен Қиғаштағы лимит  5300 тоннаның бәрін табиғат пайдаланушылар аулап отырған жоқ. Жеке адамдар да аулап, тапсыруда. Аз жұмыс істелген жоқ, біз біраз оң көрсеткіштерге қол жеткіздік, бірақ әлі де қызметімізді күшейтуіміз керек. Заңсыз балық тасымалына жол бермес үшін ол ауланғаннан бастап  тұтынушыға жеткізілгенге дейін бақылауда ұсталуы керек. Браконьерліктің  тамырына балта шабу  үшін мемлекеттік органдар  бірлесе қимылдауы тиіс. Алайда бұл жұмыста белсенділік танытылмайды. Өкінішке орай, статист рөлін атқарып отырмыз. Баршаңыз да лауазымды қызметтеріңізді тиісті дәрежеде атқарыңыздар.

Балық аулаумен заңды түрде айналысқысы келетін балықшылар салық органында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, балық тапсыратын өндірістік кооперативтермен ресми келісімшартқа отыруға міндетті. Бәрі ашық, айқын болуы тиіс. Кооперативтер  аулап ғана қоймай, өңдеп, экспортқа шығаруға жұмыстанғаны жөн. Қажет болса банктен несие алсын.  Аудандарда да бұл жұмысты жолға қойған дұрыс. Кім қайдан, қанша келі аулайды? Рұқсаты бар ма? Осыны реттесек, заңсыз балық аулау тоқтайды. Бізде табиғат пайдаланушылардан  “Амангелді”, “Інжу-Маржан” ғана басқа жақтарға апарады. “Ютуб”, “Ватсап” әлеуметтік желілерін қарасаңыздар балықты көп мөлшерде заңсыз  аулап, оны мақтанып телефонға түсіріп салып қояды. Осыларға қандай шара алынып жатыр? - деген облыс әкімі балық қорын көбейту мақсатымен арналарды тереңдету жұмыстарын жүргізуге Қиғаш өзеніне 1 млрд, Жайыққа 500 млн. теңге қаржы бөлінгенін жеткізді. Заңсыз балық айналымымен күресті күшейтуді  орынбасарларына тапсырды.

Осы мақаланы жазу барысында аудандық ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жеткіншек Жағыпаровпен хабарласып, браконьерлікпен күрес бағытындағы “Бекіре-2017” жедел профилактикалық шарасы ауданда қалай өткенін сұрағанбыз. Өз қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын басшы жауабын кідірткен жоқ.

- Ауданымыз бойынша заңсыз балық аулаушылармен және оны тасымалдаушылармен күрес өз дәрежесінде жүргізіліп отыр. Табиғат байлығына жеке басының баюы үшін қырғидай тиетіндермен алға қарай да ымырасыз күресеміз. Енді, көктемгі-күзгі  “Бекіре-2017” акциясы қорытындысына тоқталсақ, заңсыз балық аулаушылар мен тасымалдаушылардан 10 кг бекіре, 4 келі қара уылдырық, 1 автокөлік, 82  балық аулау құралдары, 1039 келі қара балық тәркіленді. 82 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жергілікті полиция қызметі арқылы 896255, аудандық сотпен 21740 теңге айыппұл салынды, - деді. Әрине, заңсыз балық аулаудан бас тартпайтындар барында бұл бағыттағы жұмыс бір акциямен ғана шектеліп қалмайтыны бесенеден белгілі.

 

Шешімін күткен

мәселелер де бар

Оның біразын жоғарыда айтып та кеттік. Өзен-көлдерден нәпақасын терген ағайынды недәуір  уақыт әбігерге салып келген мәселе рұқсаттың кеш беріліп, балық аулау маусымының ерте аяқталатыны. Ресей бізден бұрын бастап кетеді. Жиналыстарда балық шаруашылығымен айналысатын, балық өнімдерін өңдейтін табиғат пайдаланушылары өздеріне Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан субсидия бөлінуі қажеттігін жиі айтады. Биоресурстарды сақтау және балық шаруашылығына қатысты бизнесті реттеуге арналған заңдағы өзгерістерде  балық өсірушілерді субсидиялау қарастырылған.

 

Алайда бұл инвестициялық субсидия тауарлы балық шаруашылығы мен жабық су қоймаларына қажет арнаулы техника мен қондырғы алуға бағытталған. Бұл қаражат  жеке балық өсірушілерге 30% -дық, ірілендірілген кооперативтерге 50% -ға дейінгі мөлшерде. Онан өзге балық азығын шетелдерден тасымалдауға кеткен шығынның 30% -ы мемлекет есебінен өтеледі. Бірақ, оны алу үшін балықты қолдан өсірумен айналысу қажет. Бізде тоған шаруашылығымен айналысуға  кіріскендер әзірге байқалмайды. Екінші мәселе ол негізгі қордағы мүліктерін, техникаларын, құрал-жабдықтары мен қайықтарын ауыстыруға немесе күрделі жөндеуден өткізуге Үкімет тарапынан қаржылай көмек көрсетілуі. Бұл да әзірге шешімін таба қойған жоқ.