«Сакралды Қазақстан» Кіші аралдағы киелі орын

Руханият

Өскелең ұрпақты «Туған жер» кіші бағдарламалық жобасы аясында өлкеміздің киелі жерлерімен таныстыру кейінгі кездері кең өріс алуда.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Қиғаш жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары мен жас мұғалімдері қазақ хандарының бірі – Бөкей Нұралыұлының кесенесіне барып қайтты. Ресей елінің Кіші арал ауылында орын тепкен киелі орынға сапар Бөкей ханның рухани ұстазы Сейіт бабаның басына тәу етумен басталды. Тірілерінде бір-бірін құрмет тұтып өткен қос тұлға хан бабаның өсиеті бойынша қатар жерленіпті. Сондықтан да, кесенеге барған жұрт алдымен жас кезінде Каирде, Бағдатта, Бұхарада шығыс ілімдерін үйренген діндар әулиеге Құран бағыштайды. Бөкей ханның сүйегі Сейіт баба зираты¬ның шығыс жағында жа¬тыр. Ханға іргелес зайыбы Атан (кейбір деректерде Ғи¬тан, Гатан) ханым мәңгілік баяз тапқан. 2011 жылы Елбасымыз Н.Назарбаевтың екі ел арасындағы ежелгі достықтың құрметіне осы кесенелік кешен тұрғызылды.

Бұл турасында мектептің тарих пәнінің мұғалімдері Ж.Ғизатоллақызы мен А.Рахымжанқызы екі тілде түсіндіріп, кең мағлұматтар берді. Оқушыларымыз саяхаттан жақсы әсермен, рухани байып оралғаны сөзсіз.

С.Ғариполлақызы,

Қиғаш жалпы орта мектебінің директоры