Суретшілер байқауында

Мәдениет

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевтің туғанына 115 жыл толуына орай «Құрманғазы ауданы: КЕШЕ.БҮГІН.ЕРТЕҢ» атты аудандық суретшілер байқауы өтті.

Қылқаламды серік еткен 22 жас суретші туған жеріне деген махаббаттарын өз туындылары арқылы жеткізді. Шайдолла Ғаниев, Ғалия Рысқалиева, Ақмарал Хамзина сынды суретшілер қазылық еткен байқау қорытындысында кіші топ бойыншаІІІ орынды Аманғали Бейбарыс (Мақаш а/о), Писарев Максим, Ермұрат Саид (Ломоносов о/м) иеленсе, ІІ орын Серікқызы Сабрина (Гоголь о/м), Тасқайыров Алматқа (Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі) бұйырды. І орыннан Шахидуллаева Аружан (Панфилов о/м)көрінсе, бас жүлдені Шамхан Төрехан (Абай о/м) жеңіп алды. Үлкен топтан ІІІ орынды Русланқызы Назерке (Абай о/м),Ахмеджанов Эльдар (Ломоносов о/м) қанағат тұтса, ІІ, І орындарды Мухарова Альфинур (Еңбекші а/о), Жұмағазиев Бекзат (Ломоносов о/м) иеленді. Асқарова Лаура(Ломоносов о/м) байқаудың жеңімпазы атанды. Қатысушылар диплом, алғыс хаттармен марапатталды.

Мейрамгүл Галимова,

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері.