«Тарихы құнды, болашағы нұрлы өлке – Құрманғазы»

Мәдениет

«Тарихы құнды, болашағы нұрлы өлке – Құрманғазы» атты театрландырылған үлкен мерекелік концерт Жапырық елді мекенінде тамашаланды.

Онда «Қайран да менің Еділім» деп егіліп өткен Қазтуғанның зар толғау, арыстан Доспамбеттің айбарлы үні, хан басы Әбілхайырдың аманатына адал болған Бөкей ханның, ереуіл атқа ер салған Исатай мен Махамбеттің, қара домбырасының шанағынан күй төгілдірген Құрманғазы мен Динаның, әділеттілігімен елге танылған Мақаш әкім, Алаш арыстарының бірі Бақтыгерей Құлмановтың, қазақтың қанатты қыз, қаһарман ұшқыш Хиуаздың, әдебиет алыптары Әбу мен Жұмекеннің, Рахымжанның бейнесі сомдалып, сахнада көрініс берді.

Шара әрі қарай марапаттау рәсімі, көршілес елден келген қонақтардың құттықтау тілегі мен жергілікті әншілердің ән шашуымен жалғасын тапты.