«Заман» тобынан күй еліне ән шашу

Мәдениет

Ауданымыздың 90 жылдық торқалы мерейтойы танымал өнер жұлдыздарының гала концертімен жалғасын тапты.

«Тәуелсіздік» алаңында өткен кешті Абай атындағы жалпы орта мектептің мұғалімі Р.Тоқаев жүргізді. Алдымен алаңға жиналған көрермен Нұрмұхан Жантөрин атындағы атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары Жаннат Ермағамбетова, Мержан Қабдолов, Мәрия Нугмарова, Ақмарал Кәдірбаева әннен шашу шашты.

Ал қазақстандық эстрада жұлдыздарының бірі «Заман» тобының өнеріне күй елі ерекше ықылас танытып, алаңға жиналған жұртшылық Ерген Айтымбетов пен Әсет Қарабалиннің орындаған әуезді әуендеріне қошемет білдірді. Әсет Қарабалин өз сөзінде құрманғазылықтарды дүбірлі тоймен құттықтап, оларды Алматыдан арнайы шақырту жасаған аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаевқа зор ризашылығын білдірді. Гала концерт Ақтөбе облысынан келген жерлес қонағымыз Есмұрат Бектеновтің «Құт мекен – Құрманғазы» әнімен тәмамдалды.

А.Шакупова