Жас ақындар бақ сынады

Мәдениет

Құрманғазы аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Исатай Тайманұлының қаза тапқанына 180 жыл толуына орай жазба ақындардың аудандық байқауы өтті.

Байқауды мәдениет үйінің әдіскері Г.Ермұратова жүргізді. Сайысқа А.Энгельсова (М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі), Э.Әділова (Еңбекші ауылдық округі), Е.Өтебаев (Сафон ауылдық округі), Т. Қайырболатұлы (Дыңғызыл ауылдық округі), А.Абаева (Мақаш ауылдық округі), Ж.Оразова (Нұржау ауылдық округі) қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды. Біріншісінде, қатысушы үміткер ақындар өз шығармашылығынан И. Тайманұлына арнау өлеңін оқыды. Екіншісі, қатысушылардың суырып-салмалық қасиеттерін сынау, үшіншісі, ұяшық таңдау арқылы И.Тайманұлының өмір деректері жайлы сұрақтарға жауап беру болды.

Байқауды аудандық білім бөлімінің әдіскері, қазылар алқасының төрайымы – А.Арыстанова қорытындылады. Нәтижесінде жүлделі 1 орынды Е.Өтебаев, 2-3 орындарды Ж.Оразова мен А.Абаева иеленді. Барлық қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Тілекші Мертайқызы