Әжелер ұсынған әсерлі кеш

Мәдениет

Сафон ауылдық округінің мәдениет үйінде «Замандастар» әжелер ансамблінің Құрманғазы ауданының 90 жылдығына арналған шығармашылық кеші өтті.

Оған ауыл тұрғындары, аудандық аналар кеңесінің мүшелері, округ әкімі және мекемелердің басшылары қатысты. Мәдениет үйінің директоры Нұрлан Мұфтоллаев концерттік бағдарламаны аудан тарихымен байланыстырып жүргізді.

Алдымен халық әндерін насихаттауды мақсат еткен «Замандастар» әжелер ансамблінің құрылуы, оның әрбір мүшесі туралы деректер Лед экраннан көрсетілді. Кеш барысында ансамбль мүшелерінің жеке орындауындағы әндерде тыңдалды. Соңында ансамбльдің жетекшісі Сақыпжамал Сұлтанова бір жылдық жұмыс қорытындысымен таныстырды. Одан кейін округ әкімі Роза Қамзаева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова құттықтау лебіздерін білдіріп, ансамбль жетекшісі С.Сұлтановаға алғыс хат табысталды.

Гүлден Ибрагимқызы,

Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі Құрманғазы ауданы бойынша сарапшысы