«Ақ шағылдағы өшпейтін із»

Мәдениет

Жұмекен ауылында ақынның туған күніне орай аудандық көркемсөз оқу шеберлері мен суретшілер байқауы осылай аталды.

Қатысушылар жас ерекшелігіне байланысты екі топқа бөлінді. Талапкерлерге Ж.Нәжімеденовтің бір жырын айту, тағы да Жұмекенге арнаған басқа ақындардың бір өлеңін оқу талабы қойылды. Алғашқы алты талапкердің ішінен үшеуі жеңімпаз орындарды еншіледі. Олар А.Сәбитова (Ақкөл), Ж.Зұлпыхар (Ә.Сәрсенбаев мектебі), А.Қабекешова (Абай мектебі). 20 жастан жоғары үш қатысушы төмендегіше орналасты: Т.Өтемұратова (Әуезов мектебі), Ә.Сейітқалиева (Морской мәдениет үйі), Г.Даумова (Нұржау мәдениет үйі).

Жұмекенге арналған биылғы шараның өзгешелігі суретшілерге ақынның портретін немесе өлеңдерінде кездесетін көріністерден композиция жасап, жұмыстарын көрермендерге көрме ретінде ұсыну болатын. Әр суретші өз туындысын лед экран арқылы қорғады. Айтып өтерлігі, поэзия тіліндегі дала көрінісін қылқаламмен бейнелеуге құштар жандар арамызда жүр екен.

І, ІІ орындарды Ж.Қамзақызы (Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі), Ж.Ғинаятов (Еңбекші орта мектебі) иеленсе, ІІІ орыннан А.Мырзабеков (Ә.Сәрсенбаев мектебі), С.Жақсылықова (Әуезов мектебі) көрінді.

Ересек суретшілерден А.Хамзина (Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі) жеңімпаз болса, Еңбекші орта мектебінен Ә.Қауысова ІІ орынды місе тұтты. «Мәңгілікке барар жолдың үстінде, Жұмекенде кетіп бара жатыр деп» суреткер ақын Ғ.Қайырбеков айтқандай, ұрпақтар жалғастығында Жұмекен мәңгілікке айналмақ.

Есмұхан Жанизин,

Жұмекен ауылы