Жүгіру дегеніміз өмір сүру деген сөз

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай аудан әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлердің арасында «Алға басу – движение вперед» атты республикалық қайырымдылық марафоны өткізілді.

Жаппай жүгіру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстану және «Дом» қайырымдылық қорына қолдау көрсету мақсатын ұстанды. «Боздақтар» алаңына жиналған қатысушылардың алдында сөз сөйлеген аудан әкімі Бибоз Шаяхметов шараның мәні мен маңызына тоқталып, спортты жандарына серік еткен аталмыш сала мамандарына өз ризашылығын білдірді. Қайырымдылық марафон аудандық дене шынықтыру және спорт кешені алдында қорытындыланып, аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, белсенді қатысушыларға түрлі марапаттар табыстады. Ерлер арасында Ә.Алпанов мәре сызығын бірінші болып кессе, ІІ, ІІІ орындар Е.Өтебаев, Ә.Мусин, Д.Раймбековке бұйырды. Қыздар арасында Г.Кенжешова жеңімпаз атанса, ІІ, ІІІ орындар А.Хамитова, Д.Шамхановаға тиісті.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521