Туберкулез көрсеткіші бізде жоғары

(0 Votes)

Елімізде 23 ақпан мен 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық өткізілуде.

Айта кетейік, ауданда туберкулез ауруынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуал қалыптасып отыр. 2018 жылы 47 адам туберкулез ауруымен тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушылдық көрсеткіші 81,9. Өткен 2017 жылмен салыстырғанда 47 науқас тіркеліп, көрсеткіш сол деңгейде қалды. Атырау облысында туберкулезбен аурушылдық 75,2, еліміз бойынша 48,2 көрсеткішін құрады. Соның ішінде біздің ауданымызда туберкулезбен аурушылық республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе жоғары болып тұр.

Туберкулезбен аурушылық көрсеткіші төмендегі ауылдық округтерде жоғары. Құрманғазыда 21 (162,4), Орлыда 3 (124,1), Теңізде 2 (122,5), Нұржауда 3 (112,8), Мақашта 3 (111,4), Көптоғайда 1 (98,3), Қиғашта 1 (83,6). Ауданда жасөспірімдердің осы дертке шалдығуы төмендемеуде. 2017 жылы 2 жасөспірім Бірлік, Орлы ауылдық округтерінен тіркелсе, 2018 жылы Көптоғай, Нұржау, Құрманғазы ауылдық округтерінен 3-і осы ауруға шалдыққан. Ауданда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастардың үй ошағындағы балаларды оқшаулауға арналған 40 орындық «Балауса» балабақшасы жұмыс жасайды. Күні бүгін туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастардың үй ошағынан 29 бала оқшауланған. Алайда, көп жағдайда ата-аналар балаларын балабақшаға беруден бас тартады. Сөйтіп, ошақтағы өзге балалардың да ауырып қалу қаупін туындатады. Ошақтағы балалардың ауырып қалуы ауданда орын алмағанымен облыс көлемінде көптеп кездесуде. Сондықтан сақ болған дұрыс.

Толығырақ «Серпер» газетінің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521