Су сынамалары тексерістен өткізілді

Денсаулық

Барлық су тазарту қондырғыларында өндірістік зертханамен дайындалған суға микробиологиялық және химиялық зерттеулер жүргізілуі қажет.

Әсіресе, су құбыры желілерін жуу, дезинфекциялау жұмыстары көктем-күз айларында жүргізіліп отыруы қажет. 2018 жылдың 12 айында су тазарту қондырғыларынан химиялық зертханаға 48 су сынамасы алынып, оның 10-ында (20,8%) түсі, лайлылығы жоғары болды. Ал микробиологиялық зертханаға алынған 48 су сынамасының 4-інде (8,3%) ЖМС, ТКБ көрсеткіштері бойынша және коли-фаг көрсеткішіне алынған 8 су сынамасының 2-нен (4,1%) сәйкессіздік анықталды.

Тексеру қорытындысымен СТҚ-на 7 ұйғарым беріліп, оның орындалуы талап етілсе, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауына байланысты 7 жауапты тұлғаға айыппұл салынып, өндірілді. Су тазарту қондырғыларының санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту үшін аудан әкімдігіне 24 хабарлама, білдірме дайындалып берілді.

Б.Абилова,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.