«Редуксин Лайтты» пайдалануға болмайды

(2 Votes)

Қазақстан Республикасы қоғамдық денсаулық комитеті Атырау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 24 қазан 2018 жылғы хаты негізінде «Королев Фарм» ААҚ өндірісі «Редуксин Лайт» тамаққа биологиялық белсенді қоспасы өнімінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күші жойылғандығы жөнінде хабарлаймыз.

Бүгінгі таңда мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күші жойылған осы препараттың сатылу фактілері туралы сауда нысандары, дәріхана желілерімен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Сондықтан, сауда нысандарында биологиялық белсенді қоспаны сатып алар алдында, сыртындағы этикеткасына назар аударуларыңыз сұралады. Жоғарыда көрсетілген өндірістің өнімі анықталған жағдайда, пайдаланбағаныңыз жөн.

Б.Абилова,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521