Медициналық қызметтің сапасы артады

(0 Votes)

Ынтымақ пен бірлік – басты қағида

Мынау алмағайып заманда елдегі тұрақтылықты сақтап ғана қоймай, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған қадамдар жасау оңай шаруа емес. Бұрын Қазақстанды алға бастырып отырған мұнай дейтіндер көп еді. Нарық толқыны сілкілеп мұнай бағасын төменге лақтырғанда да жас мемлекетіміз абыржымады. Өз азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған қадамдарын жалғастыра берді. Ол Елбасымыздың әр жылғы Қазақстан халқына Жолдауында көрініс табуда. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтарды еңбекқорлыққа, адалдыққа, ауыз¬бір¬шілік пен білімділікке шақы¬рып келеді. Ынтымақ пен бірлік болса барлық қиындықты еңсеруге болатынын ширек ғасырдан астам уақытта жүріп өткен жолымыз дәлелдеді.

Еңбекақы 35 пайызға артады

Биылғы Жолдаудың да жылдағыдан өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, бюджеттік мекемелерде жұ¬мыс істейтін 275 мың қызмет¬кер¬дің еңбекақысын көтеріп, орта есеппен 35 пайызға өсіру көзделіп отыр. Осы мақ¬саттарға 2019-2021 жылдарда рес-публикалық бюджеттен жыл сайын 96 млрд теңге бөлу керек деген тапсырма берілді. Елбасымыз бұл мәселеге ерекше көңіл бөлді. Мемлекеттің қалыптасуына бағдарланған қажетті бастамалар жасалды. Олардың жүзеге асыры¬луы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналады. Мұны атқаратын мемлекеттік қызметкерлер. Біздің стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Құжаттар цифрлық нұсқада болады

Адамның өмір сүру сапасын жақ¬сарту үшін, алдымен медици¬налық қызмет сапасы халықтың әлеу¬меттік көңіл-күйінің аса маңыз¬ды компоненті болып саналатыны анық. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізгелі отыр. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керектігі айтылды. Мұны да халық денсаулығын сақтаудың, өмірін ұзартудың бір бастамасы деп қабылдаймын. Халық арасында онкологиялық аурулар жазылмайды деген сенім қалыптасқан. Бұл аурудың бастапқы сатысында, дер кезінде қаралса дертті де жеңуге болатыны ғылыми түрде дәлелденген нәрсе. Жаңа орталық соған жол ашады.

Сапа мен қолжетімділік

Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатыстылығы да Мемлекет басшысының назарынан тыс қалмады. Соңғы жылдары педагог мәртебесі туралы жиі айтылып та, жазылып та жүр. Мұғалімнің мәртебесін көтеру өз кезегінде білім сапасының жақсаруына да әсерін тигізеді. Қазіргі заманда мұның маңызы зор. Балаларға білім беретін мұғалімдердің қыруар уақыты түрлі қағаздарды толтыруға кетсе, ол ертеңгі сабағына қалай дайындалып үлгереді?! Сондықтан, маңызды құжатта «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп айтылғанын қолдаймын. Ұстаздық – қоғамдағы ең құрметті мамандық. Саналы ғұмырын ел ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған ұстаздар қауымын бұл жаңалық бір серпілтіп тастаған шығар. Әрине, айта берсек жаңа Жолдауда халық игілігі үшін атқарылар нәрселер жеткілікті. Мұның бәрімен өздеріңіз де таныссыздар. Оның жүзеге асырылуына қолдау көрсету баршамыздың ортақ міндетіміз. Сол себепті қолыма қалам алып, өз пікірімді жеткізгенді жөн санадым.

Ерсайын Досмұхамедов,

медицина саласының ардагері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521