Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 16,8 млрд теңге төленді

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 16,8 млрд теңге төледі.

«7 қарашадағы мәлімет бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 16,8 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 74 пайызы. Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті» деді МСҚ филиалы директоры Байтолла Ғазизов.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады. Қор емдеу мекемелерімен мемлекеттік тапсырыс бойынша халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Келісімшарттардың жалпы сомасы 22,8 млрд теңге. Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 59 медицина ұйымымен келісімшарт жасалды. Оның 25-і – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 4 ұйымға артқан. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 16% өсіп, 1,2 млрд теңгені құрады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521