Этикалық нормаларды сақтайық

Денсаулық

Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қабылданған мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексінде көрсетілген этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.

Cебебі бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Кодексте мемлекеттік қызметшілердің ұстануы тиіс мінез-құлықтарының жалпы стандарттары мен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары бекітілген. Яғни мемлекеттік қызметшілер азаматтармен қарым-қатынастарында, ұжымдастарымен өзара сөйлескенде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы қажет.

Жалпы Кодекс мемлекеттік қызметшілердің өздеріне тапсырылған міндеттерді орындау кезіндегі мәдениетіне де талаптар қояды. Бұл нені білдіреді? Қазіргі таңда барлық өңірлерде Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды. Олар өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын ғана емес, сонымен қатар атына кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қортындыларын шығарып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмыстың нәтижелерін де қарайды. 2018 жылы Атырау облысы ҚДСД-нің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдерінің қатысуымен кеңестің 2 отырысы өтіп, 3-4 мәселе қаралды. Оның 2-сі мемлекеттік орган басшыларына қатысты.

Карл Отаров,

Құрманғазы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.