"Денсаулық фестивалі - 2018"

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаевтың 2018 жылғы 5 ақпандағы "Саламатты өмір салты жылы!" кешенді өңірлік іс-шараларының бірлескен жоспарын іске асыру мақсатында аудан орталығында "Денсаулық фестивалі - 2018" акциясы ұйымдастырылды.

Оған аудан орталығындағы барлық мекеме басшылары мен қызметкерлері, балабақша мен мектеп ұжымдары, оқушылар мен аудан жастары қатысуға ниет білдірді. Акцияны аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев ашып, оның мәні мен маңызына тоқталды. Сонымен, акция аясында ауданымыз бойынша 3000-нан астам, ал облыс көлемінде 10000 қатысушы бір мезетте секіртпемен секіріп, дене шынықтыру жаттығуларын жасады. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Болатбек Нұрбайұлы, Ермек Айсын, Толыбай Қажыгереев, Жазира Сәрсенғалиева әсем әндерін орындап, салауатты өмір салтын ұстанған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Акция арқан тарту, баскетбол сияқты спорттық ойындармен жалғасын тапты. Айта кетейік, шараның ең жас қатысушылары 7 жастағы балдырғандар болса, зейнет жасындағы аға-апаларымыздың да белсенділіктері көңілді қуантты. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев оларды назардан тыс қалдырмай түрлі марапаттарын ұсынды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521