«Біз СПИД-ке қарсымыз!»

(1 Vote)

Осындай тақырыппен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық емхананың ұйымдастыруымен акция өтті.

Оған ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аудандық емхананың маманы Жұлдыз Төлемісова қатысып, жастарға «ғасыр індеті» туралы толық ақпарат берді. Әр мектептің оқушылары «Біз СПИД-ке қарсымыз!» тақырыбында сахналық қойылымдарын көрсетті.

Суреттер, қойылымдар нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталды. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі «Молодежь против ВИЧ/СПИДа» сахналық көрінісі бойынша І орынды жеңіп алып, ЖҚТБ дертінің қаупі, оның адам ағзасында пайда болуы, таралу жолдары, қорғану тәсілдері туралы егжей-тегжейлі айтып өтті.

Қ.Қыдыршаева,

Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521