АУЫРА ҚАЛСАҢЫЗ ҚОР КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ

(0 Votes)

Міндетті әлеуметтік сақтандыру Жол картасының жүзеге асырылуын халық арасында түсіндіру мақсатында құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, Атырау қалалық №4 емханасының профилактикалық бөлімі меңгерушісі Маржан Испергенова мен Атырау қалалық №1 емханасының үйлестірушісі Жаниса Кнамаева ауданымызда болып, тұрғындарымен кездесті.

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен шараны аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиева ашып: – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатынын айтқан болатын. Соған орай осы кездесуді өткізіп отырмыз. Түсінбей жүрген сұрақтарыңыз болса ортаға салыңыздар,-деді.

img_5414

img_5417

Ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, Атырау қалалық №4 емханасының профилактикалық бөлімі меңгерушісі Маржан Испергенова: – Сіздерде egov бағдарламасы бойынша кілттеріңіз бар шығар, егер болмаса оны ХҚКО-нан аласыздар. Аталған бағдарламада жұмыс істейтін адамсыз ба, жұмыс берушісіз бе, 18 жасқа толмаған баласыз ба, әлде өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматпысыз, әлі мәртебеңіз анықталмаған ба осының бәрі жазылған бөлімдер бар. Соны қарап анықтайсыз. Қазіргі күні Қазақстан бойынша 17 млн. халық өз мәртебесін біліп отырғанын айтады ақпарат көздері. Бірақ, соның өзінде де күні кеше емханаға тіркелу кезінде бірнеше мың адамдардың тіркеуде жоқ болуына байланысты олар қалып қоймасын деген бағытта қайтадан түсіндірме жұмысын жүргізіп жатырмыз. Егер мәртебеңіз анықталмаған адам болсаңыз тез арада оны түзету қажет. Ол үшін міндетті түрде өзіңіз тұрған жердегі кез-келген медицина мекемесіне тіркелесіз. Қазір тіркеу тек ғана ХҚКО арқылы жүзеге асады. Азаматтар кез-келген медицина мекемесіне тіркелуге және сол жердің дәрігерін таңдауға құқылы. 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында міндетті тіркелу жүруде. Сол тіркелу кезінде әркім өз мәртебесін біліп алуы керек. Сіз тіркеуде болмасаңыз, 1 қаңтардан бастап ауырып қалып емханаға келсеңіз, алғашқы медициналық-санитарлық көмек тегін көрсетіледі де, одан кейінгісі ақылы түрде жасалады. Яғни бірінші көмектен кейінгі тағайындалған емге, алынатын зертханалық зерттеулерге ақы төлейсіз. Тіркеудің екі мәселесі бар. Негізінен тіркелгенде өзіңе жақын жерді алған тиімді. Мысалы, қалада Балықшы мөлтек ауданында тұрып Вокзал маңы мөлтек ауданында тіркеуде тұрғандар бар. Біздер қазір халыққа жақын жердегі емханаға тіркелудің тиімді екенін түсіндірудеміз. Мұның тиімділігі жедел жәрдем шақырғанда, балаларыңызды қаратсаңыз тез жүзеге асады. Әрі сол жердегі дәрігер дертіңіздің суреттемесін түгел біледі. Қалада бүгін бір емханаға, ертеңіне басқасына, келесі күні тағы біреуіне барады. «Онда барсам анау дәрігер жоқ, мында келсем дұрыс қармайды», деп жүргенде дерттің суреттемесі үзіледі.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521