187 мемлекеттік қызметші медициналық тексерістен өтті

Денсаулық

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен мемлекеттiк қызметшiлерге медициналық қызмет көрсету мәселесі оларды әлеуметтік қорғау шаралары ретінде белгіленген.

Осыған орай, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2018 жылдың қазан айында мемлекеттік қызметшілер арасында бір айлық денсаулық акциясын жүзеге асыру жоспарланған болатын. Емханаға келген Құрманғазы ауданы әкімдігіне қарасты 187 мемлекеттік қызметші дәрігер мамандардың қабылдауында болып, кезекті тегін медициналық тексеруден өтті. Негізінен аталмыш акция осы санаттағы азаматтардың назарын өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға, уақтылы дәрігерлік тексерулерден өтуге, денсаулықты нығайтуға мән беруге шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Жиналғандар өздерінің қан қысымын, бой-салмақтарын өлшетіп, денсаулықтарына байланысты кардиолог пен терапевт мамандардың ақыл-кеңестеріне жүгінді.

А.Шакупова