Дәрігерлік ақпараттық науқан

Денсаулық

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру тапсырысына орай «Зор Денсаулық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстың әр аудандарында «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу» бойынша ақпараттық науқан өткізу қолға алынды.

Соған сай Құрманғазы ауданы орталығындағы «Мерей» сауда базарында халықтың нысаналы топтарына арналған онкологиялық, қан айналым жүйесі ауруларының алдын-алуға бағытталған қабылдау шарасы ұйымдастырылды. Аудандық орталық ауруханасының кардиолог дәрігері Н.Юсупова, жалпы тәжірибе дәрігері Г.В.Чаплыгина және онколог дәрігері А.Садыкова қан қысымын өлшеу, қандағы қант құрамын, дене салмағының индексін анықтау бойынша тегін консультативтік кеңестер берді. «Зор Денсаулық» қоғамдық қоры барлық аудандық орталық аурухананың басшыларына акцияны бірлесіп ұйымдастыруда белсенділік танытқандары үшін ризашылығын білдірді.

А.НӘЖІМОВ.