Елдің бақытқа бөленгені – сәбидің көбейгені!

Денсаулық

Құрманғазы аудандық перзентхана бөлімшесі ана болудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаты бойынша жұмыс атқарады.

Биылғы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің төл мерекесін аталмыш ұжым зор жетістіктерімен қарсы алуда. 2017 жылдың 5 айында 214 нәресте аман-есен дүние есігін ашса, биылғы көрсеткіш 242-ге жетіп отыр. Бөлімшенің жыл сайын заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталуы айтарлықтай жақсаруда, бұл ана мен баланың денсаулығы мен емдеуін бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде мұнда босану мерзіміндегі әйелдерге қолжетімді және сапалы қызмет көрсету, ана мен бала өлімін төмендетуге бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Соның нәтижесінде 2017 жылы 6 кесерово тілігі жасалса, биыл оның 7-еуі сәтті жүзеге асырылды. Перзентханада ана мен баланың өмірлерін қорғап, Гиппократ антына адалдық танытқан ақ халатты абзал жандар аз емес. Бүгінгі таңда мұнда барлығы 21 қызметкер тынымсыз еңбек етуде. Біз кәсіби мереке қарсаңында адам жанының арашашысы болған ақ желеңділердің дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз!

А.ШАКУПОВА