Бала тамақтан уланса үлкендер жауап береді

Денсаулық

Ауданда мектеп оқушыларына арнайы типтік жобамен жабдықталған жазғы тынығу лагерінің базасы жоқ.

Жаппай тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында балалардың жазғы сауықтыру орындарын маусымға уақтылы және сапалы дайындау мақсатында Атырау облысы әкімінің 15 мамыр 2018 жылғы №99 санды «Жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулы қабылданды. Оған сәйкес мектеп жанындағы лагерьлер балаларды тамақтандыру және тамақтандырусыз болып бөлінеді. Аталған қаулымен 32 мектеп жанындағы күндізгі лагерьге 1980 бала, 32 мектеп жанындағы тамақтандырусыз, бейіндік, дебаттық, тілдік лагерьге 2050 балғын қамтылады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өткен 2017 жылдың жазғы демалысы кезінде оқушылар арасында жұқпалы жіті ішек аурулары, ботулизм және жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ.

Мектеп жанындағы 12 күндік жазғы тынығу лагерьлеріне өз өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 16 мамыр 2018 жылғы №5 қаулысында балаларды сауықтыру ұйымдарында жіті ішек ауруларының және тамақтан уланудың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, балаларды сауықтыру ұйымдарының 2018 жылғы маусымға уақтылы және сапалы дайын болуы талап етіледі. Аудандық білім бөлімінің мамандарымен бірлесіп, балаларды сауықтыру ұйымдарының, мектеп жанындағы лагерьлердің басшылары, мектептердің медицина қызметкерлері, ас блогына жауапты жеке кәсіпкерлердің қатысуымен М.Әуезов атындағы орта мектептің акт залында білім беру нысандарында мектеп жанындағы жазғы тынығу лагерьлерінде санитариялық қағиданың орындалуын қамтамасыз ету және балалар арасында жұқпалы ішек ауруларының және жаппай тамақтан уланудың алдын алу жөнінде семинар-кеңес өткізілді. Оның барысында жазғы тынығу лагерьлерінде санитариялық қағидалары талаптарының қатаң орындалуы, балалар арасында жұқпалы ішек ауруларының және жаппай тамақтан уланудың алдын алу шаралары туралы түсіндірілді.

Г.ҚОЖАХМЕТОВА,

аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы.